Қарағанды облысындағы бұрынғы «Дарьял-У» радиолокациялық стансысының ғимараты құлады, үйінді астында қалған адамдар іздестірілуде

ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы бұрынғы «Дарьял-У» радиолокациялық стансысының құлаған ғимаратында осымен үшінші тәулік бойы іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Конструкцияларды бұзу кезінде қаңтардың 22-сі күні ғимарат құлап, үйіндінің астында 5 адам қалып қойған болатын. Олардың біреуі құтқарылды. Одан кейін бір адамның өлі денесі табылды. Құтқарушылар үйіндінің астында қалып қойған үш зардап шегушіні іздестіруде.

«Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару отрядының қызметкерлері, иісшіл иттермен кинологтар жұмыс істеуде. Оларға Төтенше жағдайлар министрлігі №52859 әскери бөлімінің құтқарушы бөлімінің қызметкерлері де көмекке келді.