Қарағанды облысындағы екі жолда қозғалысқа шектеу енгізілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боранға байланысты Қарағанды облысындағы екі жол жабылды.

«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, бүгін түсте Қарағанды облысы аумағындағы «Екатеринбор-Алматы» жолының 1492-1610 шақырымындағы «Қарағанды-Ақсу-Аюлы» учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Сонымен қатар «Жазқазған-Петропавл» жолының 62-252 шақырымындағы Жезді мен Қостанай облысы шекарасы аралығында жол жабық.

Айта кетейік, боран салдарынан осыған дейін Ақмола және Ақтөбе облыстарындағы бірқатар жолдарда енгізілген шектеулер сақталуда.