Қарағанды облысындағы ең қауіпті жол анықталды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Алматы-Екатеринбор» тас жолында ең көп апаттар орын алған, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің басқармасы.

Ведомство ақпаратынша, жыл басынан «Алматы-Екатеринбор» тас жолының Балқаш-Қарағанды учаскесінде 91 жол-көлік апаты тіркелген.  

Аталған көрсеткіш бойынша екінші орында «Қызылорда-Павлодар» трассасы тұр. Мұнда 31 жол-көлік апаты тіркелді. Мұнда ең қауіпті екі учаске анықталды. Олар: 452-487 км, 808-890 км.

Үшінші орында - «Жезқазған-Есіл-Петропавл» автожолы. Мұнда жыл басынан 19 апат тіркелді.  

«Бұл жолдарда таңғы сағат 5 пен 7 аралығында, күндіз сағат 14-15 шамасында жүру қауіпті», - деп атап өтті Құқықтық статистика және арнайы есеп Комитеті облыстық басқармасының басшысы Әбу-Әли Саттар.

Облыс өңірлері ішінде жол-көлік апатының саны бойынша Қарағанды көш басында. Жыл басынан мұнда 234 апат тіркелді. Екінші орында Теміртау (69), үшіншіде Жезқазған (42).