Бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-ші отырысы аясында тиісті келісімшартқа қол қойылды. Қаржыландыруға жасыл климат қоры мен таза технологиялар қоры қатысып отыр. Заемның жалпы көлемі - 31,1 млн доллар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз қазіргі жобалармен шектелмейміз. Оған қоса, бізде халықаралық аукциондар кезіндегі жеңімпаздар анықталды. Олар Қазақстанда күн және жел электр стансаларын салатын болады. Жасыл энергетиканы дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2020 жылға дейін баламалы энергетиканың үлесі 3 процентке дейін жетуі керек. Ал 2030 жылда аталған көрсеткіш 10 процентке көтерілуі шарт. Сол себепті біз Еуропаның қайта құру және даму банкі сияқты қаржы иснституттарымен жұмыс істеуіміз керек», - деп атап көрсетті Қ.Бозымбаев.
Айта кетейік, Қарағанды облысындағы күн электр стансалары үш жерде орналасады. Жақында бір жобаның құрылысы Балқаш қаласына жақын Гүлшат ауылында басталды. Бұдан бөлек, Ағадыр мен Саран қаласында тағы екі станса салынады.