Қарағанды облысындағы Күзембаев атындағы шахтада қайтыс болғандардың соңғысының мәйіті жер бетіне шығарылды

АСТАНА. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Күзембаев атындағы шахтада қайтыс болғандардың соңғысының мәйіті жер бетіне шығарылды,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Маусымның 26-да сағат 02.53 кезінде Күзембаев атындағы шахтадан 1981 жылы туылған Марат Әбдірахмановтың мәйіті табылып, жер бетіне шығарылды. Шахтаның жұмысы қайта жанданды.