Қарағанды облысындағы Осакаров ауданының 70 жылдығы тойлануда

None
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Өткен демалыс күндері Қарағанды облысының Осакаровка кентінде ауданның 70 жылдық мерейтойы атап өтілді. Осынау атаулы шараға 200-ге жуық қонақ келді.

Мерейтой салтанаттарына ауданның, совхоздардың бұрынғы басшылары, директорлары қатысты. Осынау тойға қатысу үшін туған жеріне Ресейдің Белгород қаласынан танымал жазушы, Осакаров ауданының арнайы қоныс аударушылары туралы бірнеше кітаптың авторы Николай Никитин арнайы келді.

Осакаров ауданы - Қарағанды облысының басты астықты өңірлерінің бірі, деп атап көрсетті облыс әкімі Серік Ахметов өз сөзінде. «Құрылғалы бері аудан аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, ең алдымен ауыл шаруашылығының дамуына айтулы үлес қосып келеді. Аудан әсіресе соғыстан кейінгі жылдары қатты дамыды. Тың игеру жылдары ауданның тарихындағы жарқын беттердің бірі. Осы кезең небір даңқты адамдардың аты-жөнін жария етті. Атап айтқанда, Кеңес Одағының Батырлары Хайрулла Байғабылов, Иван Иванович Иванов, Иван Иванович Петров, Александр Никифорович Ткач және Григорий Васильевич Яровойлар облыстың тарихында өз орындарын алды», деді аймақ әкімі өз сөзінде.

Мерейтойдың ресми бөлімін аудан тарихын баяндайтын театрландырылған композиция жалғастырды. Мерейтой құрметіне сондай-ақ ат спорты жарыстары, қазақ күрес өткізілді.