Қарағанды облысы білім басқармасы жанындағы ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрағасы Әлия Садырбаеваның мәлімдеуінше, ұзақ мерзімді ем алуларға қаражат керектігі жайлы ата-аналар жеке кездесу барысында айтқан.
«Мен қыздың анасымен кездестім. Кішкентай қызға бірнеше операция жасалған, алда әлі жасалады. Оның жағдайы қазір орта дәрежелі ауыр. Ата-аналары «Халық банкінен» шот ашып, кішкентай қыздың өміріне немқұрайды қарамайтын азаматтардан қаржылай көмек сұрайды», - деді Әлия Садырбаева.
«Халық банкі» АҚ шотының реквизиттері: 4402576504538054 ЖСН 770321350163