Бүгінге дейін төтенше жағдай режімі Бұқар жырау, Қарқаралы және Абай аудандарында жарияланған еді, енді оған Шет ауданы қосылды.
«20 сәуірде Шет ауданының әкімі ауданның жекелеген елді мекендерін су басу қаупіне байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау шешімін қабылдады», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.