Облыстық ішкі істер департаментінің мәлімдеуінше, үстіміздегі жылдың 23 тамызы күні «Қарағанды - Балқаш» автожолында «Lada Largus» автомобилінің 30 жастағы жолаушысы, алдын ала мәліметтерге қарағанда, рульді басқара алмай, көлік жол шетіндегі жыраға түсіп кеткен.
Жол апаты салдарынан көліктің ішіндегі үш жолаушы оқиға орнында қаза тапқан, соның екеуі бала. Жүргізуші мен тағы үш жолаушы ауруханаға жеткізілген.
Жазатайым оқиға дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.