Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.
«22 сәуір күні Ақжал кентінен 3 шақырым жерде «Қарағанды-Балқаш» тас жолында Алматы қаласына бет алған «МАЗ» жүргізушісі басқару тетігіне ие бола алмай, көлік аударылған», -делінген хабарламада.
Апат салдарынан жарақаттанған жүргізуші және оның 38 жастағы ағасы Балқаш қаласындағы орталық ауруханаға жеткізілді.