Қарағанды облысының 2012 жылғы сыртқы сауда айналымы 9500 млн. жуық долларды құрады
«Жалпы алғанда Қарағанды облысының 2012 жылғы сыртқы сауда айналымы 9 490,6 млн. АҚШ долларын құрады, соның ішінде эспорт үлесі - 83,7 пайыз, импорт үлесі - жалпы көлемнің 16,3 пайызын құрады», - делінеді хабарламада.
2012 жылғы Қарағанды облысы бойынша КБД қызметінің аймақтағы экспорттық жеткізілімдерінің географиясы ауқымды болды - ол 52 елді қамтыды, деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінде.
«Экспорт көлеміне әсер ететін тұрақты ірі серіктес елдер арасында Қытай (74,25 пайыз), Ұлыбритания (11,7 пайыз), Иран (4,35 пайыз), Украина (1,86 пайыз), Өзбекстан (1,07 пайыз) және Қырғызстан (1,12 пайыз) бар. Егер тауарлар жағынан қарастыратын болсақ, экспорттың жалпы көлемінің 54,8 пайызын (4356,7 млн. АҚШ доллары) мұнай экспорты құрайды, - делінеді хабарламада.
КБД-нің ақпаратынша, Қарағанды облысының аумағынан мұнайды негізгі экспорттаушылар: «ПетроҚазақстанҚұмкөл Ресорсиз» АҚ, «СНПС-Ай-Дан Мұнай» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС,«Саутс-ойл» және «Көлжан» ЖШС.