21:39, 27 Наурыз 2009
Қарағанды облысының әкімдігінде селекторлық кеңесте «Жол картасына» енгізілген жобалардың іске асырылу мәселелері қаралды
ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Бүгін Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин қалалар мен аудандардың әкімдерімен селекторлық кеңес өткізді, онда «Жол картасына» енгізілген жобалардың іске асырылу мәселелері қаралды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Жол картасын» іске асыруға бөлінген қаражат бірінші кезекте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын, мектептерді, ауруханаларды, мәдениет және спорт мекемелерін, автомобиль жолдарын жөндеуге бағытталады. Осы салалар Президенттің Қазақстан халқына арналған Жолдауында айқындалған. Бұл ретте, қаражаттарды игерудің негізгі талаптары жұмыс орындарын құру болып табылады», ? деді Н.Нығматулин.Аймақ басшысы қалалар мен аудандар әкімдерінің алдына бөлінетін бюджеттік қаражатты тиімді игерілуіне қатаң бақылау орнату және мемлекеттік тапсырыс туралы заңнаманың сақталуы бірқатар міндеттер қойды.