«Саяжайлар мәселесіне назар аудару керек. Егер жазда олар саяжайда тұрса, қазір маусым аяқталып, адамдар қалаға көшуде. Тұрақты сапарлар үшін көлік жеткіліксіз. Бағбандар өздерін асырап отырған жандар, оларды қолдау қажет», - деді Ерлан Қошанов.
Облыс басшысы Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровке саяжай иелері үшін қоғамдық көлік мәселесін шешуге, сондай-ақ бағбандар мәселесін бақылауға алуды тапсырды.
Өңір әкімдігінен мәлім еткендей, 1 қазанға дейін Соқыр өзенін тазалау жұмыстары аяқталады. Бұл шара көктемгі кезеңде саяжайларды су басудан құтқарады.