Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, облыс әкімі шахтерлердің жағдайы үнемі Мемлекет басшысының назарында екенін атап айтты.
2018 жылдан бастап компания жерасты және жерүсті жұмысшыларының еңбек ақысын 33,55% жоғарылатқан.
Президент тапсырмасы бойынша 2018-2020 жылдары «АрселлорМиттал Теміртау» АҚ дамыту Жол картасы қабылданды.
Құжатқа ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, компанияның бас директоры Парамжит Калон қол қойды.
Жол картасында «АрселлорМиттал Теміртау» үш жыл ішінде өндірістік нысандарға құрыш, көмір және кен департаменттеріне 305 млрд теңге инвестиция салуды қарастырған.
2018 жылы - 100 млрд, 2019 жылы - 105 млрд, 2020 жылы - 100 млрд теңге құйылмақ. Салыстырар болсақ, 2017 жылы инвестиция көлемі 50 млрд теңгені құраған.
Өндірісті жаңғырту, материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, шахтерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру жоспарланған.
Әсіресе экологияға ерекше көңіл бөлінбек.
4.0 Индустриясы стандарттары қолданылады.