Қарағанды облысының әкімі конькиші Екатерина Айдованы қол жеткен табысымен құттықтады

None
АРАҒАНДЫ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімдігінде бүгін коньки спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, шорт-тректен спорт шебері Екатерина Айдоваға қошемет көрсетілді.

Облыс әкімі Серік Ахметовтің қабылдауында спортшыдан басқа, оның жаттықтырушысы Сергей Лоскутников та болды. Аймақ басшысы Айдованы қол жеткен табыстарымен құттықтады. «Біздің аймақтың талантты спортшылармен даңқы шыққан. Енді олардың қатарын Сіз толықтырып отырсыз. Он сегіз жасыңызда Сіз көп жетістіктерге жеттіңіз, Қазақстан Республикасының 8 рекордын және жасөспірімдер арасындағы бір әлем рекордын орнаттыңыз», - деді С.Ахметов.

Аймақ басшысы Ванкувердегі қысқы Олимпиада ойындарында жақсы өнер көрсеткеніне алғыс айтты, Е.Айдова онда ұлтық құрамадағы Қарағанды облысының бірден-бір өкілі болды. Облыс әкімі Әлия Молдағұлова атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат түлегін Германияда Әлем кубогын жеңіп алуымен және Мәскеуде жасөспірімдер арасындағы коньки спорты бойынша әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.

Бұл жетістіктерге жаттықтырушылар Сергей Лоскутников пен Владимир Левченконың зор үлес қосқаны аталып өтті.

Е.Айдова олимпиадалық ойындардағы алғашқы дебюті жөнінде әсерлерімен бөлісті және 2011 жылы өтетін VII қысқы Азия ойындарына даярлық барысы жөнінде әңгімеледі.

Е.Айдова мен С.Лоскутниковке облыс басшылығы Карловы Варыда демалуға мүмкіндік жасады. Облыс әкімі спортшыға, сондай-ақ ноутбук тарту етті.