21:04, 30 Наурыз 2009
Қарағанды облысының әкімі мен «Қазақстан» телеарнасының басшылығы ақпараттық ынтымақтастықты дамытудың келешегін талқылады
ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллин «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Махат Садықпен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Әңгіме ақпараттық ынтымақтастықты дамытудың келешегі туралы болды. Облыс әкімі ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында белгілеп берген тапсырмаларын орындау жөнінде қандай шаралардың қабылданып жатқандығы және аймақтағы дағдарысқа қарсы бағдарламаның жүзеге асырылуы жайында айтты. «Біз барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен ашық жұмыс жасаймыз», - деп мәлімдеді аймақ әкімі.М.Садық «Қазақстан» телеарнасы аймақ тіршілігін көрсетуге ниетті екенін жеткізді. Оның айтуынша, сенбі күндері көрсетілетін, облыстардан дайындалған ақпараттық-сараптау бағдарламасын ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл жоба келесі айдан бастап шыға бастауы тиіс. «Біз бұл бағдарламаны Қарағанды облысынан бастауымыз да мүмкін», - деді М.Садық.