Қарағанды облысының әкімі шағын және орта бизнес жөніндегі комиссияның жұмысын белсенділендіруді тапсырды

None
ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов өзінің орынбасарларына шағын және орта бизнес жөніндегі комиссияның жұмысын белсенділендіруді тапсырды.

Бұл жөнінде аймақ басшысы экономиканың осы секторының даму мәселелері талқыланған кәсіпкерлер қауымдастығымен, шағын және орта бизнес өкілдерімен болған кездесуде айтты.

С.Ахметов шағын және орта бизнес жөніндегі комиссия бұдан былай кәсіпкерлікті дамытудың ағымдағы мәселелерін апта сайын қарайтынын атады. Сонымен қатар, оның айтуынша, облыс әкімдігінің жанынан арнайы жұмыс комиссиясы құрылады. Ол шағын және орта бизнес жұмыстарын жүйелік жақсарту бойынша іс-шараларды қарау үшін тоқсан сайын жиналатын болады.

«ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Үкімет әзірлеген шағын және орта бизнесті қолдау дағдарысқа қарсы шаралардың бірінен болды, - деді әкім. - 2007-2009 жылдары экономиканың осы саласына 260 миллиардтан астам теңге бағытталды».

Кездесуде қазақстандық үлес және оның іс-қимылының негізгі қағидалары туралы жақында қабылданған заңнама жөнінде сөз қозғалды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» басқармасының төрағасы Болат Мұқышев аймақта іске асырылған жобалар туралы әңгімелеп берді.