Қарағанды облысының әкімі ҮЕҰ-ға Жолдауда белгіленген міндеттерді шешуге белсендірек атсалысуды ұсынды
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев азаматтық қоғам институттарының Қазақстандағы құқыққорғау қызметінде де, тұрғындар топтарының ерекше қызығушылықтарын іске асыруда да, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда да үлкен рөл ойнайтынын атап өтті. Бүгінде біздің еліміздегі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттілігінің берік серіктестік қатынастарға ұласқанына біраз уақыт болды», - деді Ә.Құсайынов.
Облыс әкімі басым мемлекеттік бағдарламалар пакетін ұсынып, аймақта оны іске асыру бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. «Жергілікті билік органдарының барлық жұмысы Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауының контекстінде жүргізіліп жатыр. Азаматтық қоғам институттары Жолдауда белгіленген міндеттерді іске асыруға белсенді қосыла алады және солай болуы керек», - деп атап өтті аймақ басшысы. Ол ҮЕҰ-ға тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерліктің дамуына көмектесу, еңбек ресурстарының мобильділігін көтеру, энергияны үнемдеу, тұрғын үй-коммуналдық жаңғырту мәселелерін түсіндіруге атсалысуды ұсынды.
«Қоғамдық ұйымдар мен кәсіподақтар өкілдерінің көкейкесті және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуы өзінің нәтижелілігі мен тиімділігін көрсетті. Бұл тәжірибені біз алдағы уақытта да міндетті түрде қолданамыз», - деді Ә.Құсайынов.
ҮЕҰ мен кәсіподақтардың жетекшілері ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстарын білдірді. Қазіргі кездегі маңызды мәселелер де қарастырылды.
«Биліктің қоғамдық секторды шынымен әлеуметтік серіктес ретінде көруі қуанышты жағдай. Бұл кездесу - осының дәлелі», - деп атап өтті «Қарағанды облысының азаматтық альянсы» қауымдастығының президенті Гүлнар Құрбанбаева. ҮЕҰ-дың өкілдері аймақтық даму бағдарламаларын, эксперттік кеңестер қызметін әзірлеуге қатыса, тіптен жақсы, деп мәлімдеді ол.
Облыс әкімі кездесу қатысушыларына емен-жарқын әңгімелері үшін ризашылығын білдіріп, айтылған ұсыныстардың барлығы назардан тыс қалмайтынына сендірді.
Қарағанды облысында 13 түрлі бағытпен жұмыс істейтін 700-ден астам ҮЕҰ тіркелген.