«Өз үйім жоқ. Қарағандыда үй жалдап тұрамын», - деген Қарағанды облысының әкімі сұраққа жауап бере отырып. Сұрақ негізінен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 8-қадамына, яғни, мемлекеттік қызметкерлерге берілетін қызметтік баспаналарға қатысты болған еді.
«Өкінішке орай, облыс бойынша қызметтік баспана берілмейді. Көптеген қызметкерлер баспананы жалдап тұрады. Мысалы, өзге өңірлерден келген құқық қорғаушылар да жалдамалы пәтерде тұрады. Егер қызметтік баспана берсе, қуанар едік, бірақ, әзірге жоқ», - деді әкім сұрақтың жауабын толықтыра келе.
Әкім еске салып өткендей, мемлекеттік қызметкерлерге берілетін үй бюджет аясында қарастырылу керек. «Қызметтің үйлердің өзі өте қарапайым болады. Кәдімгі үй. Онда тұрған адам іші-сыртының керек жерін жөндейміз десе өз еркі. Бұрын мемлекеттік қызметкер үйін жекешелендіріп алатын еді. Бірақ, баспана өзінен өзі пайда болмайды. Биыл бөлінетін қаржы аясында мемлекеттік қызметкерлерге болмаса 20 пәтерді бірақ, жекешелендіруге келмейтін пәтерлерді салуға тырысамыз», - деді облыс әкімі.