Сандық жүйені енгізу туралы облыстық ұстаздардың тамыз кеңесінде білім басқармасының жетекшісі Есенғазы Иманғалиев айтты.
"Балабақшаларға электрондық кезек арқылы тұру автоматтандырылған жүйесі 7 қалада енгізілді. Жыл соңына дейін бұл бағдарлама барлық өңірлерде орнатылады Қазір «1 сыныпқа құжаттарды қабылдау және тіркеу» автоматтандырылған мемлекеттік қызмет енгізілуде. Облыс колледждерінде «Электронды кезек» және «Электронды қабылдау науқаны» жобалары жүзеге асырылуда" - деді Есенғазы Иманғалиев. .
Облыста сондай-ақ, «Педагогикалық кадрларды электронды аттестаттау» жобасы қанат қақты. Ұстаздар сарапшылар комиссиясына электронды портфолиоға сілтеме жасап материалдарын жіберуге мүмкіндік алды.
«Цифрландыруды енгізу тиімділігі педагогтардың дайындығына да байланысты. Осы мақсатта 500-ден астам информатика, физика, математика, технология, сызу пәндерінің мұғалімдері Санкт-Петербор ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетінің базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтті», - деді Есенғазы Иманғалиев.
Бұдан бөлек «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы білім беру эко жүйесі» халықаралық білім консорциумымен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
«Сөзсіз, цифрландыруды енгізу сұрақтары білім саласында ғана маңызды емес. Сол себепті осы мақсатта бұл жұмысты үйлестіретін биыл жаңа басқарма құрдық. Ағымдағы жылы біз «Ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы білім беру эко жүйесі» халықаралық білім консорциумымен меморандумға қол қойдық. Онда өте қызықты дүниелер қарастырылған. Соның барлығы тек қағаз жүзінде қалмаса екен дейміз», - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.
«Білім басқармасының ақпараты бойынша, облыстағы мектеп және колледждердің 130 мұғалімі Cisco желілік академиясында курстан өткен. 20 педагог жаттықтырушы сертификатын алды.
- Облыстың екі оқу орнының базасында академияны қолдау орталықтары құрылды. Олар - Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті мен Жезқазған қаласындағы индустриалдық колледжі. Барлық мектептерде желілік академия ашылды, - деп бірлескен жұмыстардың болашағы туралы Ақпараттық коммуникация қазақ академиясының президенті, халықаралық байланыс академиясының академигі Шахмаран Сейілов өз пікірімен бөлісті.