Қарағанды облысының барлық қалаларында 27 қаңтар күні сабақ болмайды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 27 қаңтарда Қарағанды облысының барлық жалпы білім беретін мектептерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақ болмайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ауа температурасы -33-35 градусқа дейін суытып, желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады деп күтіліп отыр. 0-11 сынып аралығындағы және екінші ауысымда оқитын оқушылардың барлығы сабақтан босатылады», - деп хабарлайды Қарағанды облыстық білім басқармасынан.

Сонымен қатар, Балқаш, Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал, Приозерск, Теміртау қалаларында және тағы басқа аудандарда сабақ болмайды.

Қарағанды облысының білім басқармасы облысқа қарасты барлық қалалар мен аудандарда оқудың тоқтатылатыны туралы бірыңғай бұйрықтың жоқ екенін ескертеді. Білім бөлімдерінің басшылары ауа температурасына қарай шешім қабылдайды.