Қарағанды облысының бірнеше қалаларында ауруханалар мен емханаларда ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Жезқазған қаласына жұмыс сапары барысында қалалық перзентхананы қалалық көп бейінді аурухана ғимаратына көшіру жөніндегі жоспарлармен танысты. Жоба қалай жүзеге асырылатыны туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жезқазған перзентханасы ғимаратының салынғанына 40жылдан астам уақыт өткен. Ол қазіргі заманғы санитарлық нормаларға сәйкескелмейді. Оны көпбейінді аурухана ғимаратына көшіру арқылы аталмыш мәселенішешу мүмкіндігі бар. Қазір ауруханада 2000 шаршы метр бос орын бар.

«Мен бұл идеяға қарсы емеспін. Қазір бүкіл Қазақстанбойынша ауруханалар мен емханаларды ірілендіру тәжірибесі жүріп жатыр. Алайдакөшіру кезінде қала тұрғындарының пікірін ескеру қажет. Мен оларды көпбейіндіаурухана ғимаратында инфекциялық аурухана орналасқаны алаңдататынын білемін.Сондықтан бұл мәселені шешу керек», - деді аймақ басшысы.

Перзентхана жаңа ғимаратқа күрделі жөндеуден кейінғана көшеді. Ал жұқпалы аурулар ауруханасына келсек, оны бұрын орналасқанғимаратына қайтару жоспарлануда.

«Перзентхананы көшірудің арқасында босанған әйелдержедел әрі сапалы кеңес ала алатын болады. Себебі олардың барлығы бір ғимараттаболады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы бойыншакөпсалалы ауруханада заманауи медициналық жабдықтар, оның ішіндемагниттік-резонанстық томограф орнатылды. Бұл сондай-ақ болашақ аналар үшінүлкен артықшылық болып табылады», - деп атап өтті Ержан Нұрлыбаев.

Перзентхананың босаған ғимараты жөндеуден өтіп, ондаардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне арналған санаториялық үлгідегі ауруханаашылады.

Қазір Жезқазғандағы аурухана қалашығында күрделіжөндеу жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Мұнда қалалық емхана ғимараты менстоматологиялық клиника, ЖИТС орталығы, шипажай және басқа да корпустарорналасқан аумақ толығымен қайта жаңартылады. Бұл күндері жұмысшылар коммуникацияныауыстыруда. Содан кейін аумақта шағын мүсіндер мен гүлзарлар бар гүл бағысалынады. Шамдар мен орындықтар орнатылады. Көлік тұрағы жабдықталады. Шипажайғимаратының жанында заманауи балалар алаңы болады. Ал бүкіл периметрі бойыншақоршау ауыстырылады.

Ағымдағы жылдың қазан айында жөндеу жұмыстарыаяқталғаннан кейін мұнда қалада алғашқы кеңестік-диагностикалық орталықашылады.

Сонымен атар қазіргі таңда Сәтпаев қаласындағы № 1орталық аурухана ғимаратында да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жердежұқпалы аурулар және перзентхана бөлімдері мен шаруашылық блогы қайтажаңартылады. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 2020 жылы олар барлықсанитарлық нормаларға сай болады.

Айта кету керек, биыл Жезқазған қаласына 10 жасдәрігер келеді. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен Жезқазған қаласында 18маман оқытылуда. Ол акушер-гинеколог, анестезиолог, дәрігер, сәулелікдиагностика және неонатолог мамандар. Биыл Сәтбаев қаласында жеті жас дәрігержұмысқа қабылданады, олардың біреуі резидентураны бітіргеннен кейін келеді.

Соңғы жаңалықтар