«Жаңадан құрылған Ұлытау облысына бұрын біздің өңірдің қарамағында болған аймақтардың халқы қосылды. Яғни, Қарағанды облысының шамамен 20 пайыз тұрғыны жаңа облысқа өтті. Осыған байланысты жылдық бюджет 25 пайызға азаюы мүмкін», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Әкімнің мәліметінше, Қарағанды облысының жылдық бюджеті 500 млрд теңгеден астам. Салықтар мен төлемдерден түсетін қаржы – 150 млрд теңге. Өңір бюджетіндегі «АрселорМиттал» мен «Kazakhmys» кәсіпорындарының үлесі – 21 пайыз.