«Жеңілдікті терезелер» арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар, зейнеткерлер және соғыс ардагерлері мемлекеттік қызметтерді кезексіз ала алады.
«Осындай «жеңілдікті терезелер» барлық ХҚКО-ларда бар. Олар арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін келушілер аталған санаттардың қайсыбіріне жататындығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысы бойынша филиалының баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар және ҰОС ардагерлері ХҚКО қызметкерін 1414 байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін үйіне шақыра алады. Тапсырыспен үйге келу 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.