Қарағанды облысының ІІД ЕБҚКБ қызметкерлері аса ірі мөлшердегі есірткі құралдарды сату мақсатында сақтау фактісін анықтады

None
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері «Арлан» АМБ бірлесіп, «Кендір-2010» ЖАШ-тың аясында жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін өткізу барысында Теміртау қаласындағы үйлердің бірінде ешқайда жұмыс істемейтін, есірткі сатумен айналысатын 1984 ж.т. азамат М.-ны ұстап, оны тінту барысында салмағы 1,88 гр. героин есірткісін тәркіледі, деп хабарлады Қарағанды облысының ІІД ЕБҚКБ.

Одан әрі, азамат М. тұратын үйді санкцияланған тінту кезінде төргі бөлмедегі телевизордың артынан ішіне ақшыл-сұр түсті зат салынған полимер пакеті табылып алынды.

Сараптаманың қорытындысы бойынша азамат М-дан алынған зат салмағы 1 кг. 49 гр. 22 мг. героин есірткісі болып табылды. Бұдан басқа, жатын бөлмесінен тегіс ұңғылы 16-шы калибрлі мылтық табылып, тәркіленді. Күдікті азаматта қаруды сақтауға тиісті рұқсат қағазы жоқ.

Осы факт бойынша ҚР ҚК 259 б. 3 б. «в» т. көрсетілген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат М. уақытша оқшаулау абақтысына қамалды, тергеу жүргізілуде.