қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің ескерткіші ашылды, деп хабарланды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Ашылу салтанатына облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, мәдениет қайраткерлері мен ғалымдар қатысты. Сондай-ақ С. Сейфуллиннің туыстары мен соның атындағы астаналық мұражайдың басшылығы шақырылды.
С. Сейфулиннің мүсіні - биіктігі 3,7 метр, ол 2 метрлік тұғырға қондырылған. Ескерткіштің авторы - қарағандылық мүсінші Бейбіт Мұстафин. Оны дайындауға аудандық бюджеттен 24 млн. теңге бөлінді.
Киевка кентінде С. Сейфуллин атындағы көше бар. Сондай-ақ оның есімі Ахметауыл ауылының орта мектебіне берілген.