Қарағанды облысының колонияларында сотталғандардың балалары үшін ертеңгіліктер өтті

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сотталған балаларға жаңажылдық мерекені Қарағанды облыстық қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қамауда отырғандардың балалары бұл күні ата-аналарымен қауышып, Аяз ата мен Ақшақардан сыйлық алды. Олар сонымен қатар ата-аналары мен Қарағанды облысы қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері ұйымдастырған концертті тамашалады.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қоғаммен жұмыс қызметінің үйлестірушісі Есімжан Байтасовтың сөзінше, жаңажылдық ертеңгіліктерді ұйымдастырудағы басты мақсат - сотталғандарды көптен бері көрмеген отбасыларымен жақындастыру.

«Мұндай шараларды ұйымдастырудағы мақсат - отбасылық ынтымақты нығайту. Сотталғандар балаларымен және жарларымен болған осындай кездесулерден соң біршама тәртіпке бағына бастайды. Мұндай жағдайлар сонымен қатар пенитенциарлық жүйе ішіндегі жағдайға да оң әсер етеді»,-деді Есімжан Байтасов.

Нақтырақ айтқанда, Долинка ауылындағы АК-159/7 мекемесіне өздерінің әкелеріне 20-дан астам бала келді. Олар әкелерімен бірге шыршаны айналып, Аяз ата мен Ақшақарға тақпақ айтып, сыйлықтар алды.

Жаңажылдық мерекенің соңы кей жайылған дастархандағы отырысқа ұласты.

Қарағанды облысында бүгінде 10 түзеу мекемесі мен 1 тергеу изоляторы бар.