«Шұбаркөлкөмір» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 19 тамыз күні сағат 15.40-та«Шұбаркөл көмір» АҚ-ның «Батыс» разрезінде геологиялық жарық бойынша 450 м ПК13с таулы көмір ойығындатүтін шыққаны тіркелді. 20 тамыз күні сағат 08.00-де түтіндеу процесі көмірібар тау жыныстарының жануына ұласқан. Қазіргі уақытта өрт ошағын оқшаулау жәнеоны жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Аталмышойықта тау-кен жұмыстары жүргізілмейді және екі жылдан бері оның эксплуатациясытоқтатылған. Оқиға туралы Қарағанды облыстық Өнеркәсіптік қауіпсіздікдепартаментіне хабарланды», - деді компаниядан.
Оқиғаныңмән-жайын анықтау бойынша комиссия құрылды.
Авторы: Агата Мұхамеджанова