Қарағанды облысының медициналық мекемелерінің 72% жылыту маусымына дайын

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының медициналық мекемелерінің 72% жылыту маусымына дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облыстықденсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі ауруханалармен емханаларының жартысынан көбі 100% қысқы маусымға дайындық туралы актілердіалды. Жылу жүйесін қосуға 242 медициналық ұйымның 175-і дайын. Бұл бүгінгікүнге жоспарланған межеден 12% артық.

Қысқы аяздарғадайындығы жағынан Нұра және Шет аудандарының медициналық мекемелері көш бастаптұр. Мұнда денсаулық сақтау саласының 167 нысаны орталықтандырылған жылужүйесімен қамтылған, 5-і аймақтық қазандықтар арқылы және 65 медициналық ұйымавтономды жылу жүйесі немесе өз қазандықтары арқылы жылытылады.

Медициналықмекемелерді жылыту үшін 19,9 мың тонна көмір қажет. Отынды жеткізу бойыншакелісімдер жасалып, кестелер бекітілген.

Сонымен қатар биылАқтоғай ауданының орталық аудандық ауруханасында модульді қазандық орнату жоспарланған.Приозерск қаласындағы ауруханада және Шет ауданындағы орталық аудандықауруханада, Қарқаралы ауданының үш дәрігерлік амбулаторияларында қазандықтармен қазандық құрылғыларын ауыстыру бойынша жұмыстар атқарылмақ.

Жылу жүйелерін жуу,қысымын өлшеу және орнату жұмыстары басқа да қалалар мен аудандарда жалғасудажәне бұл жұмыстар Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаевтыңжеке бақылауында.

«Бізде барлықжұмыстар тізбектелген және де жылу маусымына дайындық жұмыстарына ауруханалармен емханалардың бірінші жетекшілері жауапты болады», - атап өтті Ержан Нұрлыбаев.

Соңғы жаңалықтар