Қарағанды ​​облысының медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындығы талқыланды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Биыл Қарағанды облысы медициналық қызметтерді бөлек есепке алу, сақтандырылған азаматтардың мәртебесін сәйкестендіру жұмыстарын алғашқы болып сынақтан өткізеді.

Бұлміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің осал тұстарын анықтап, деркезінде түзетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Қарағанды облысында медициналықсақтандыру жүйесін нобайлы жоба ретінде енгізу мәселелеріне арналған отырыстаДенсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева хабарлады.

Қарағанды облысы әкімініңорынбасары, аймақтық денсаулық сақтау басқармасының басшылары, министрлік пенведомство қарамағындағы ұйымдар басшылары қатысқан жиында нобайлы жобаны іскеқосу аясында нормативті-құқықтық базаны жетілдіру, тегін медициналық көмекпакетінің жаңартылған үлгісі мен міндетті әдеуметтік медициналық сақтандырупакетін қаржыландыру, медициналық көмекке ақы төлеу тетіктері, ақпараттық жүйелермен ауруханалар желісінің дайындығы мәслелері талқыланды.

Еске сала кетейік, үкімет қаулысына сәйкес 2019жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қарағанды ​​облысында медициналық сақтандыружүйесін ілкі жоба ретінде іске қосу жоспарланған (Қаулы жобасы 2019 жылдың 12шілдесінде www.mz.gov.kz интернет-ресурсында жарияланды). Қарағанды ​​облысындаМӘМС жүйесін енгізу жұмыстарын қадағалайтын Жобалау кеңсесі құрылды. Олмедициналық қызметтерді сатып алу, ақы төлеу процестерін, ақпараттық жүйежұмыстарын басқару және талдаумен, сонымен қатар қажет болған жағдайданормативтік құқықтық актілерді ұсыну, актілерге түзетулер енгізу жұмыстарыменайналысады.
«Біз қазіргі кездегі негізгітәуекелдерді пысықтап, нормативтік-құқықтық базаны әзірлейміз. Қажет болғанжағдайда жыл соңына дейін тиісті түзетулерді енгізгіміз келеді», - деді Денсаулықсақтау министрлігі МӘМС үйлестіру департаменті басшысы Азамат Өміртаев.

Пилоттық жобаны іске асыру үшінреспубликалық бюджеттен 2,3 млрд. теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу қарастырылған.Қаржыландыру барысында жұмыс істейтін ересек азаматтарды профилактикалықтексеруден өткізуге басымдық беріледі. Бұл мақсаттарға 1,8 млрд. теңге бөлінбек.Нобайлы жоба шеңберінде асқазан-ішек жолдары, вирусты гепатит, несеп-жыныс жүйесіаурулары, қалқанша безі, қант диабеті, простата ісігі ауруларын ерте анықтау мақсатында175 мыңнан астам адам профилактикалық тексеруден өтеді.

Әйелдер жыныстық жолмен таралатын инфекциялармен қан ауруларын (анемия) анықтау үшін скринингтен өтеді. Оңалтуды қажетететін инсульт, инфаркт, ауыр жарақаттар мен күрделі операция салдарынан зардапшеккен адамдарға көбірек көмектесу мақсатында қосымша 450 млн теңге бөлінеді.Бүгінде облыста осындай көмекке мұқтаж адамдар саны 3,4 мыңнан асады.

Медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Нұрлан Қасымовтың айтуынша, денсаулық сақтауға бөлінген қаражат 2020 жылдан бастап 1,5 есе өсіп, 1 трлн 548 млрд теңгені құрайды. Оның 967 млрд теңгесі кепілдендірілген тегін медициналық көмекке, қалған 580 млрд теңге медициналық сақтандыру шеңберінде қызмет көрсетуге жұмсалмақ. 2019 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бөлінген қаражатты ескерсек, медициналық көмекті сатып алуға жұмсалған қаражат көлемі 1 трлн 025 млрд теңгені құрады.
 
«Консультативтік-диагностикалық көмек көлемі 5,8 есеге, стационарды алмастыратын көмек 2,5 есе, медициналық оңалту 13,2 есе артады. Паллиативтік көмек пен жоғары технологиялық медициналық қызметтер көлемі де артады», - деді МСҚ басқарушы директоры.
Вице-министр Ләззат Ақтаева медициналық көмек көлемін арттыру қажеттігіне, медициналық инфрақұрылым дайындығының маңыздылығына тоқталды. Медициналық сақтандыру қорына жер-жерде, соның ішінде Қарағанды облысында да сатып алу процестерін, тиімді ұйымдастыру және медициналық қызметтердің негізсіз пайдаланылуына жол бермеу жөнінде кеңес берді.

«Бүгінде ем-дом процедураларын негізсізтағайындау фактілері баршылық. Талдау нәтижесі зертхана қызметінің шамадан тыстұтынылғанын көрсетіп берді. Мысалы, емдеу процедураларының шамамен 70% - зертханалық қызмет, ал 13% - салалық дәрігерлердіңқызметі. Сондықтан, алдағы уақытта салалық мамандардың қызметін арттыру жағынқарастыру керек. Өйткені, халық көбіне осы салалық мамандарға көп шығындалады.МӘМС енгізілгеннен кейін осы шығындар қысқаруы тиіс және салалық мамандардыңқызметі меншік нысанына қарамастан қолжетімді болуы керек», - деді вице-министр.

«Цифрландырудың арқасында біз көрсетілгенәр қызметтің сапасын, оның қаншалықты негізді тағайындалғанын көріп отыратынболамыз. Бұрын біз цифрландырылмағандықтан профилактикалық тексерулердіңсапасын бақылай алмайтын едік. Келесі жылдан бастап осы олқылықтың орнынтолтырамыз деп ойлаймын», - деп қорытты Ләззат Ақтаева.

Сынақ нәтижелері 2019 жылы желтоқсан айында белгілі болуы тиіс. Алайда, министрлік аралық нәтижелерді ай сайын қоғам назарына ұсынып отырмақ.

Соңғы жаңалықтар