Қарағанды облысының мектептерінде Наурыз қарсаңыңда достық, бейбітшілік және келісімге арналған ашық сабақтар өтті
Мереке қарсаңында аймақ мектептерінде достық, бейбітшілік және келісім тақырыбына арналған ашық сабақтар өтті. Мектеп оқушыларымен этномәдени бірлестіктердің өкілдері кездесті. Оқу мекемелерінде сондай-ақ Наурызға арналған фестивальдар мен байқаулар өтті.
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Наурыз тойы - дәстүрлі мереке» атты театрландырылған этнографиялық мереке өтті, оған Қарағандының мектептері мен колледждерінің оқушылары шақырылды. Қонақтарға XV-XX ғасырлардағы сәндік-қолданбалы өнер заттары, ұлттық киім, былғары бұйымдардың көрмесі ұсынылды.
Қарағандыда Наурыз мейрамының қарсаңында күй орындаушылар мен ұлттық аспаптар ұжымдарының арасында «Күй қайнары» атты облыстық байқау-фестивалінің қалалық кезеңі өтті. Қарағанды қалалық әкімдігінен хабарлағандай, мерекеге қарсы сондай-ақ қайырымдылық шаралар орайластырылды.
Басты салтанат 21 наурыз күні Қарағандының Тәуелсіздік алаңында өтеді. Орталық көшеде киіз үй қалашығы салынады.
Мерекеге сондай-ақ көптеген спорттық шаралар арналды. Жарыстар тек залдарда ғана емес, көше алаңдарында да өткізіледі.