Қарағанды облысының өзендерінде су деңгейі көтерілуіне байланысты тұрғындар көшірілуде

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Нұра өзенінде су деңгейі көтерілді, салдарынан Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылдық округі Сарытөбе кентінен тұрғындар ішінара эвакуациялануда, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХА тілшісі.

Бұдан басқа Шерубай-Нұра өзенінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан Шет ауданын Қайрақты ауылында үйлерді су басу қаупі туындады, қазір адамдар ішінара көшіріле бастады.

«Халықтар хабардар етіліп, аула маңы тексерілді. Сарытөбеде 650 адам, 157 аула бар. 15 үйден 65 адам көшірілді. Малдары қауіпсіз жерге жеткізілді. Қайрақты ауылында 98 адам тұрады. 27 аула бар. 11 үйден 33 адам туыстарының үйлеріне эвакуацияланып, малдары қауіпсіз жерге жеткізілді», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.
 

Нұра өзенінде 160 метр жерге қаптар қойылды. Су өткізу үшін жол қазылды.