Қарағанды облысында педагогтарға арналған Көктемгі мектеп өз жұмысын бастады. Бір апта бойы онлайн режимінде кәсіби шеберлікті арттыру курстары өтеді.
ZOOM платформасындағы алғашқы сабақтарға мектеп директорларының орынбасарлары – 620 адам қатысты. Олар білім берудегі нормативтік-құқықтық құжаттармен және аттестаттау тәртібімен таныстырылды.
Көктемгі мектеп бағдарламасына сондай-ақ 3D-технологиялар және бағдарламалау бойынша оқыту курстары кіреді.
Айта кетейік, біліктілікті арттыру курсынан пән мұғалімдері өтеді.
«Болашақ басшы» кадр резерві мектебінің өкілдері үшін де сабақтар ұйымдастырылды.