«Біз тез сауығып кететініңізге сенімдіміз. Сіздің жүрегіңіз бен мінезіңіз Қазақстан Магниткасының домнасында құйылғаны бекер емес. Шын жүректен сіздің тезірек сауығып кетуіңізді тілейміз», - деп жазды «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмысшылары.
Сонымен қатар, жұмысшылар Елбасыға күрделі кезеңде қазақстандықтарға карантин қиындықтарын жеңуге көмектесетін «Біргеміз» қорын құрғаны үшін алғыс білдірді.