Аудандық әкімдіктен хабарлағандай, ауыл тұрғындарына 200-ден астам жұмыс орындары ұсынылды. Бос жұмыс орындарын теміржол компаниялары, коммуналдық кәсіпорындар, денсаулық сақтау мекемелері және тағы басқалары ұсынды.
Аудандық билік көздерінің ақпаратынша, жәрмеңкеде 18 адам жұмысқа тұрғызылды, 13-і қоғамдық, тағы 30-ы - маусымдық жұмыстарға жіберілді. Бұдан басқа, 30 адам қайта оқыту үшін тізімдерге кіргізілді.
Жәрмеңке барысында аудандық әкімдік пен Шет ауданында үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында жұмс істеп жатқан «Bapy Mining» ЖШС-нің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«Бұл жәрмеңкенің өзінде-ақ кәсіпорын 25 бос жұмыс орындарын ұсынды», - деп атап өтеді аудан әкімдігінен.