Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ермек Серікбаев сейсенбі, шілденің 13-і күні аймақтағы сотардың бірінші жартыжылдықтағы жұмыстарының қорытындысын шығаруға арналған баспасөз мәслихатында мәлім етті.
«Жазалау тәжірибесі 33,7 пайызды құрады. Ал жемқорлыққа қатысты қылмыс бойынша жазалау тәжірибесі 40 пайызды құрады, деді облыстық соттың төрағасы. Облыста бірінші жартыжылдық ішінде жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған 40 адам сотталып, оның 16-сы бас бостандығынан айырылған.