Қарағанды Федоров су қоймасы 166 мың жас тұқы және сазанмен толықтырылды. Бұқар Жырау ауданындағы Соленое көліне 97 500 тұқы балығы шығарылды. Балықпен толықтыру су объектілерінің биологиялық қорын күшейту үшін қажет.
«Біз шабақтарды иесіз су қоймаларына жібереміз. Бұл жұмысты біз жыл сайын жүргіземіз. 2021 жылы 100 мың балық шығарылды. Шабақтар қалай жерсініп, үйренетінін міндетті түрде зерттейміз», – дейді Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Санбаев.
Жас балықтарды су қоймаларына Қарағанды балық тәлімбағы шығарады. Кәсіпорынның бас директоры Денис Муштаковтың айтуынша, тұқы балық аулау үшін арнайы таңдалған.
Балық тез өсіп, көбейеді. Екі жылдан кейін әуесқой балықшылар жарты келілік тұқы аулай алады.
Қарағанды облысында 202 су айдыны бар, олардың 60%-да иелері бар. Жыл сайын өңірде кәсіпкерлердің қарауына иесіз су қоймаларын беру бойынша аукциондар өткізіледі.