12 сәуірде Қаражал қаласынан 20 шақырым жерде Қылыш су қоймасында жергілікті тұрғындар 1989 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты.
Сол күні Ақтоғай ауданы Ақөлең ауылынан 4 шақырым жерде Балқаш көлінен жергілікті тұрғындар 1994 және 1993 жылы туған екі балықшының мәйітін судан шығарды.
Екі жағдайда да балықшылар суға жеке құтқару құралдарынсыз шықққаны анықталды.
Сағат 22:10-да Абай ауданында Дубовка ауылының маңында Соқыр өзені арқылы өтпекші болған ер адам жағаға жетпей, өзеннің ортасында қалып қойған. Ер адам өз бетімен жағалауға жете алмағандықтан, оны төтенше жағдайлар саласыың қызметкерлері құтқарған.