«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекестікті қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, 2016 жылғы 3 маусымдағы № 108-НҚ бұйрығымен «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ-не «Муниципалдық көлік холдингі» ЖШС-нің құрылуына келісім беруден бас тартты», - делінген хабарламада.
Келісім беруден бас тартудың себебі, тиісті тауар нарығында 10-ға жуық ұқсас қызмет түрін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің болуы.
«Монополияға қарсы орган үшін бәсекелестік ортаның дамуы мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындарды құрудан бас тартуға негіз бола алады», - деп түсіндірді ведомствода.