Тауар өндірушілер жалпы сомасы 149,7 млн. теңгені құрайтын 850 тоннаға жуық өнім әкеледі. Бұл жолы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі «Хан шатыр» СОО алдындағы алаңда өтеді.
Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, жәрмеңкеде ет өнімдері, балық және құс еті, шұжық, сүт өнімдері мен бал, сондай-ақ, жеміс пен көкөністің түр-түрі ұсынылады.
Қазақстан облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін апта сайынғы жәрмеңкелерді Астана қаласы әкімдігі азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырады. Қала тұрғындары жәрмеңкеде тауар өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20% арзанға сатып ала алады.
Еске салайық, Қазақстан өңірлері тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінен бөлек, Астана мен Ақмола өңірінің тауар өндірушілері де өз өнімдерін халыққа ұсынады. Жәрмеңке елорданың үш ауданында: «Алматы» ауданында - Абылай хан даңғылы мен Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының алдындағы алаңда, «Есіл» ауданында - Сауран көшесіндегі «Халыққа қызмет көрсету орталығының» алдындағы алаңда және «Сарыарқа» ауданында - Бөгенбай батыр даңғылындағы «Көктем» СО-да ұйымдастырылады.