Қарағанды облысының төрт ауданында саяқ шегірткелерді жою үшін химиялық өңдеу жасалды. Жұмыстар «Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізілді. Жалпы алғанда, мемлекеттік жер қорларына жататын 7890 га жер өңделді.
«Химиялық өңдеу Абай ауданының Есенгелді ауылдық округінде 900 га алаңда, Бұқар Жырау ауданының Ақбел ауылдық округінде – 1500 га, Нұра ауданының Пржеваль, Егінді, Ахмешіт және Көбейтас ауылдық округтерінде – 1950 га, Қарқаралы ауданының Ынталы, Аманжол және Темірші ауылдық округтерінде – 3450 га жерінде жүргізілді», – деп хабарлады Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасында.