Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Көкпектідегі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көрсеткен қолдауыңыз үшін Сізге өзімнің және барша Қарағанды жұртының атынан алғысымды білдіруге рұқсат етіңіз. Күні кеше бірінші болып елордамыз Астана жұртшылығынан 20 тонна гуманитарлық көмек керуені келіп жетті. Көкпекті тұрғындары қиын кезде қол ұшын созған барша астаналықтарға ыстық ықыластары мен жүрекжарды алғыстарын білдіруде», - делінген хабарламада.
Еске салайық, 3 сәуірде елорда тұрғындарының атынан Қарағанды облысына су тасқынынан зардап шеккендерге 20 тоннадан астам аса қажетті тауарлар жөнелтілді. Қайырымдылық көмек 200-ден астам адамға есептелген, ол бір айға жетуі тиіс.