Кездесуде жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау және ауданда газ құбырын тарту мәселелері талқылады. Сондай-ақ, депутат Нұра кентіндегі спорт ғимараттарының жұмысымен танысты.
Серік Өтешов Шахтерское ауылында да болды. Ол жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесті және ауыл тұрғындарына Парламенттің жоғарғы палатасының заң шығару қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Сенаторлар үш ай ішінде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша қолға алынған реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөнінде ауқымды жұмыс атқарды. Парламент осы кезеңде 25 заң қабылдады, оның 10-ы депутаттардың бастамасы бойынша әзірленген болатын. Депутаттардың бастамасымен әзірленген заңдар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, оларды әлеуметтік қорғауға және еліміздің экономикалық дамуына бағытталған», - деп атап өтті Серік Өтешов.
Кездесуге қатысушылар аудан тұрғындарының өмірін жақсартуға, жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға, маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға байланысты бірқатар өзекті мәселені талқылады.
Сенатор Серік Өтешов кездесу соңында қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғысын білдірді және барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият қарап, зерделенетіні туралы айтты.