Аймақ тұрғындары 1406 байланыс орталығына қоңырау шалып, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және SaqtandyryBot телеграм-боты арқылы кеңес алуға өтініштер қалдырған.
«Өтініштердің ішінде 591 шағым медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты болды. Әрбір іс жеке қаралды. Сондай-ақ, Қарағанды облысының 606 тұрғыны медициналық ұйымдар мен нақты дәрігерлерге алғыс білдіру үшін Қорға жүгінген», - деп мәлімдеді Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының баспасөз қызметі.
Қазақстан бойынша 2020 жылдың 11 айында медициналық сақтандыру қорына 646 мың өтініш түсті. 1406 байланыс орталығы 563 мыңнан астам қоңырау қабылдады, Qoldau 24 мобильді қосымшасында жыл басынан бері азаматтардан 72 мыңнан астам хабарлама тіркелді. Saqtandyrybot телеграм-боты арқылы 2 489 өтініш түсті.