Қарағанды облысының үш ауданында далада өрт шықты

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында Қарқаралы, Ақтоғай және Осакаровка аудандарында далада өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2 тамызда Бұқар жырау ауданында Новостройка ауылынаншығысқа қарай 10 шақырым қашықтықта 45 гектар аумақта құрғақ шөп жанды. Өрттісөндіруге Қарағанды облыстық ТЖД бөлімшелері (25 қызметкер мен 5 техника) мен еріктіөрт сөндіру құрылымдары (22 қызметкер мен 15 техника) жұмылдырылды.

Өрт техника кіре алмайтын жерде шыққан. Ұсақ шоқылар менбұталар өрт сөндіруге кедергі келтірсе, жел мен құрғақ шөп салдарынан тілсізжау тез тараған. Өрт сөндірушілер бірнеше шақырым жерге барып су әкелуге мәжбүрболған.

Далалық өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдаржауапты болса да, ТЖД бөлімдері шалғайдағы аудандарға көмектесуге барып жатыр.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысындағы Қарқаралы, Ақтоғайжәне Осакаровка аудандарында далалық өрт шығып жатыр. Өрттің барлығына ТЖДкүштері тартылды. Жыл басынан бері облыста 241 далалық өрт тіркелсе, оныңішінде 187-і ТЖД бөлімдерінің қатысуымен сөндірілді.

Өрт 7 мың гектар аумақты шарпыған. Көп жағдайда табиғиөрт адамдардың абайсыздығынан: сөндірілмеген оттан, темекі тұқылынан, қоқыстыөртеуден, ескі шөптен, күн түсетін жерге тасталған шыны қалдығынан және тағыбасқа себептерге байланысты шығады. Сондықтан, ормандар мен далалық жерлердежауын-шашын жоқ кезде отты абайлап қолданған жөн.


Агата Мұхамеджанова

Соңғы жаңалықтар