Санитариялық автокөлік қажетті медициналық жабдықтармен қамтамыз етілген: ӨЖЖ-аппараттарымен, пациенттің мониторларымен, дефибрилляторлармен, аға кезекші дәрігерге деректерді беру функциясы бар электрокардиографтармен. Сондай-ақ, қажетті реанимациялық шараларды өткізуге арналған толық жиынтық бар. Машиналар әртүрлі жиынтықта: мамандандырылған бригадаларға арналған С класты реанимобильдерден фельдшерлік бригадаларға арналған А класты автомобильдерге дейін. Реанимобильдер облыстың барлық қалалары мен аудандарына таратылады. Бұл өз кезегінде жедел жәрдем қызметі паркінің 60%-ын жаңартуға және қосалқы станцияларда резервтік құрам жасауға мүмкіндік береді.
«Бүгін облысқа 36 реанимобиль келді. Жыл соңына дейін тағы 24-і жеткізіледі. Бұл көліктер Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жеткізілуде. Жалпы, өңірде коронавирусқа байланысты түрлі жағдайларға дайындық бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Бүгін 44 аурухана кез-келген уақытта жұмысқа кірісуге дайын. Сондай-ақ, біз дәрігерлер үшін барлық қажетті техникалық және басқа да жағдайларды жасауымыз керек. Бұл жаңа көліктер олардың жұмысына көмектеседі», - деді Жеңіс Қасымбек.
Жалпы, жыл басынан бері облысқа әртүрлі модификациядағы және өтімділіктегі 300-ге жуық медициналық мақсаттағы машина келді.
Автопаркті жаңарту Қарағанды өңірінің тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің сапасы мен уақтылығын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.