Қарағандылық олимпиадашылар 21 медальге ие болды: олардың қоржынында жеті алтын, үш күміс және он бір қола жүлде бар.
Құраманың қатарында олимпиаданың облыстық кезеңінің 88 жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.
Зияткерлік жарыстар Oqylyk.kz платформасында прокторинг жүйесін пайдалану арқылы республиканың барлық өңірлерінде бір мезгілде жүзеге асырылады.
Айта кетейік, «Үздік олимпиадалық мектеп – 2021» номинациясы бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада Қарағанды «Білім-Инновация» лицей-интернаты үшінші орынды иеленді.
Олимпиада жеңімпаздарын ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов құттықтады.
Қарағанды командасын білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова марапаттап, оқушыларға дипломдар мен медальдар табыс етті.