Бұл қазіргі ауруханада науқастардың ағымын қайта бөлуге көмектеседі. Операциялардың саны бес есеге артады. Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қала үшін маңызды нысанның ғимарат құрылысымен танысты.
Жаңа операциялық-реанимациялық бөлімі – галерея арқылы онкологиялық диспансерге қосылған құрылыс. Жобаны келесі жылы аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек 7-ші тасжолды күрделі жөндеуден өткізу барысын да тексерді.
Терешкова көшесімен қиылыстағы жерде тұрақтандыру жұмысы жүргізілуде. Су өткізгіштер төселді.
Жол төсемдерін орнату жұмысы жүргізіліп жатыр. Шілденің ортасына дейін мұнда үш қабат асфальт төселеді.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Қарағанды қаласының спорт мекемелерінде болды.
Нүркен Әбдіров атындағы спорт сарайында ол жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттығу барысымен танысты. Мұнда облыстың жетекші спортшылары жаттығады.
Содан кейін әкім Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына барды.
Мұнда 500-ден астам бала 7–11 сынып аралығында оқиды және спорттың 18 түрімен айналысады.
Оқудан кейін оқушылар орта білімін мектеп-интернатта жұмыс істейтін колледжде ала алады.