Кешке сағат 17:24-те Қарағанды қаласындағы Бұқар жырау даңғылында орналасқан екі қабатты ғимаратта орналасқан дәмханада өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Ғимаратта желдеткіш шахтасында электр кабелінің оқшаулағышы мен жылытқыш материал жанған.
«5 метр электр кабелі және монтаждау көбігімен жасалған оқшаулағыш жанып, желдету шахтасының 2 шаршы метр алаңында өрт пайда болды. Дәмхана қызметкерлер және клиенттер өрт сөндіру қызметі келгенге дейін эвакуацияланды», - деп хабарлады Қарағанды қаласы ТЖ басқармасының бастығы Нұрлан Шәкенов.
Сағат 17: 59-да өрт сөндірілді, жалынның басқа нысандарға таралуына жол берілмеді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамының 35 қызметкері мен 7 техникасы жұмыс істеді.