«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Есіл ауылының су құбыры желілерін қайта жаңарту бойынша жұмыстар орындалды. Уызбай ауылында желілер салынуда. Биыл ол жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз, бұл ретте 495 тұрғын сумен қамтамасыз етіледі. Садовое, Сенокосное, Трудовое, Тельман ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Осы жобаларды іске асыру кезінде 2 311 адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі», – деді Нүркен Көбжанов.
Пионерское, Озерное, Ералы, Николаевка ауылдарында су құбыры желілерінің және Осакаровкада 7-ші кезек құрылысына бюджеттік өтінім берілді.
Сондай-ақ, ауданда жол жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылы Молодежный кентінің 18 көшесіне және Ақбұлақ ауылының 13 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.